ЖЫЛЫНА ТАҒЫ 600 МЫҢ ТОННА КЕН
12.05.2022
Жаңа
Жайсаң кенішін пайдалану мерзімі жерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды
іске асыруды ескере отырып, 22 жылды құрайды. Кеніштің алдын ала жобалық қуаты
– жылына 600 мың тонна кен. Оған 2027 жылы қол жеткізу жоспарланып отыр. Мыс
кені Шатыркөл кенішінің жанында салынып жатқан жаңа байыту фабрикасында қайта
өңделетін болады. Бұл кен орнынан 500 шақырымнан асатын жерде орналасқан Балқаш байыту
фабрикасына дейін кенді тасымалдауға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай
қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа
фабрика заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылып, жылына 1,2 млн.
тонна кен өңдеуге мүмкіндік береді. Тау-кен-күрделі жұмыстарын Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі
толық көлемде жүзеге асыруда. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын Шатыркөл кенішінен Жайсаң
кенішіне дейінгі жаңа автомобиль жолы мен кеніштің тіршілігін қамтамасыз ету
үшін жоғары вольтты электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүріп жатыр. – Біз нысанның мамандарымен және
жұмысшыларымен кездестік, туындаған мәселелерді талқыладық. Мен бірнеше тапсырма бердім. Олардың ішінде Жайсаң
алаңында жақсартылған үлгідегі тұрғын модульдік контейнерлерді орналастыру,
үздіксіз мобильді байланысты ұйымдастыру және Интернет желісіне қол жеткізу
мәселелері бар, – деп Андрей Гайдин
сапар қорытындысын жасады.



