Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Жасыл ойындар»: Шу ауданының мыңға тарта оқушысы үш тоннаға жуық қоқыс жинады

«Қазақмыс» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ойындар» экологиялық-спорттық жобасының қорытынды кезеңіне Шу ауданының мыңға жуық оқушысы қатысты. Қатысушылар үш тоннаға жуық қоқыс жинап, жобаның 2026 жылғы маусымын қорытындылады.

Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау мен спорттық жарысты ұштастырды. Аумақтарды тазартқаннан кейін оқушылар футбол және волейбол турнирлеріне қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

2026 жылы «Жасыл ойындар» Қазақмысқа қатысы бар өңірлерде өткізіліп, балалар мен жасөспірімдерді экологиялық бастамаларға, спортпен шұғылдануға және командалық жұмысқа баулыды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының мақсатына сай келетін жоба өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«Жасыл ойындар» жобасын қолдау арқылы Қазақмыс оқушылардың өз қалалары мен елді мекендерінің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласуына қосымша мүмкіндік жасауда.