Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

СӘНДІ ӘРІ ЖҮЛДЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ

Өте ауқымды өткен бұл байқауда қызметкерлер камзолдардағы, шапандар мен көкірекшелердегі күрделі кестелер мен талғампаз кулондарды, бас киімдер мен шілтерді барша қатысушылар назарына ұсынды. Байқау - барлық қатысушылар мен олардың әріптестерін мерекелік дастарханға жинап, қорытындыланды. ҚТМ ӨБ бас директоры Қайрат Шалмағамбетов барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, үздік ұлттық киімдерге сыйлықтар табыс етті. Ерлер мен әйелдердің киімдері бөлек бағаланғандықтан, жүлделер жұппен берілді. Бірінші орынды Аида Усманова мен Мұхтар Қошанов жеңіп алды. Қорлан Нұрғалиева мен Жандос Қаденов екінші орынды иеленсе, үшінші орын Жанна Райымжанова мен Қанат Аралбайға бұйырды.