Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыспен қызықты жаз

Жас балқаштықтар үшін бәрі ертегідегідей саяхаттан басталады. Балқаштан арнайы автобустармен саяхатшылар Сарышаған станциясына, ал одан әрі пойызбен «Эдельвейс -Бурабай» балалар сауықтыру лагеріне барады. Онда әртүрлі жастағы  балалар жаздың бір бөлігін қызықты, көңілді және ұмытылмастай өткізеді. Олардың достары – күн, ауа, су және Бурабайдың сұлулығы болады.  Қазақмыс өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен дамуына үлкен көңіл бөледі және компания үшін жыл сайын балалардың сауықтыру лагерлеріне жолдамалар сатып алу өз қызметіндегі басым міндеттердің бірі болып табылады. Бес жыл ішінде (2015-2019 жылдар) Қазақстанның балалар сауықтыру лагерлерінде ата-аналары компанияда жұмыс істейтін 3 520 бала демалып, денсаулығын түзетті, ал биыл «Эдельвейс – Бурабай» сауықтыру балалар лагерінде 6  дүркін 1450  холдинг қызметкерлерінің  балалары демалады.       Бұдан басқа, «КәсіпҚорған» кәсіподағы  Балқаш  филиалының желісі бойынша «Қазақмыс Холдинг»  ЖШС кәсіпорындары мен Балқаш алаңы бойынша аутсорсингтік компаниялар қызметкерлерінің 260 баласы Балқаш маңындағы ең әдемі жерлердің бірі – «Бектау-Ата» шатқалында және Балқаш көлінің жағасында орналасқан «Жас қанат» балалар лагері мен республикалық «Балдәурен» оқу- сауықтыру орталығында демалатын болады.