Ұлттық салт дәстүрді ұлықтаған өндіріс озаттары
22.03.2024
Көрісу, қыз айттыру, сырға салу, жарапазан айту, құда күту,
тоқымқағар, қымызмұрындық жасау, басқа да салт - дәстүрлерді көрсеткен
жұмыскерлер, жиналғандардың көңілін көтерді. Дәстүрімізді дәріптеген жұмысшылар
тобы бір театр десе де болатындай. Сайыс барысын бақылап, баға берген қазылар алқасы бірінші
орынды 1- ұнтақтау корпусы командасына берді. Бірінші орын алған командаға
бригадирлер кеңесі атынан ақшалай сертификат табысталды. Екінші орынды 1,2,3
Жезқазған байыту фабрикалары, басқарма командасы еншілеп ақшалай жүлдеге ие
болды. Үздік үштікті 1 - бас корпус командасы түйіндеп ақшалай сертификат
қанжығалады. Бұдан бөлек ынталандыру ретінде төрт командаға ақшалай
сертификаттар табыс етілді. Сайыс соңында қатысушыларға арнайы құрылған киіз
үйлерде ақ дастархан жайылып,ауыз ашар берілді.



