«Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері Владимир Жұманбаевты халықаралық іздеуге жариялау туралы
05.06.2024
Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында
көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта
Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынбайды және
тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Бұған қоса
«Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның
сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ. Компаниялар тобы өз
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және өз
қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын.



