Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс тоқсан қорытындысы бойынша материалдық ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыруда

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік қызмет қорытындысы бойынша жұмыскерлерді материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.

2026 жылғы 23 сәуірде компанияда I тоқсанның қорытындысы бойынша ынталандыру төлемі жүргізілді. Қолданыстағы корпоративтік қағидаға және негізгі өндірістік көрсеткіштердің орындалу нәтижесіне сәйкес өндірістік бөлімшелердің шамамен 33 мың қызметкеріне төлем жасалды.

Тоқсан қорытындысы бойынша өндірістік көрсеткіш артығымен орындалды: катодты мыс өндіру жоспардан 8,2%-ға, ал концентраттағы мыс — 2,3%-ға өсті. Төлемді есептеу кезінде өндірістік қауіпсіздік саласындағы көрсеткіш те ескерілді.

Бұған дейін, 2026 жылғы ақпанда, компанияда индекстелген табыс бойынша төлем жүргізілген болатын. Осылайша, «Қазақмыс» қызметкерлерді қолдауға және олардың табысының тұрақтылығын арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүйелі түрде іске асыруда.

Компанияда материалдық ынталандыру жүйесі өндірістік көрсеткішке, қауіпсіздік талабының сақталу деңгейіне және бөлімшелер қызметінің тиімділігіне тікелей байланысты екені баса айтылды.

«Қазақмыс» корпорациясы жұмыскерлерді қолдау бағдарламаларын дамытуды, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.