Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс «Батыс» кенішіндегі тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартып жатыр

Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама аясында «Қазақмыс» компаниясы өзіне қарасты кәсіпорындар мен кеніштеріндегі еңбек жағдайын жақсартуда. Бағдарлама компанияның жаңа басшылығы қолға алған еңбек жағдайын ұйымдастыру тәсілін жаңартуға бағытталған жұмыс аясында жүзеге асырылуда. Осындай нысандардың бірі – Жезқазған өңіріндегі «Батыс» кеніші. Қазіргі таңда мұнда тұрмыстық инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Бес жобаны іске асыруға бағытталған қаржының жалпы көлемі 89,4 млн теңгеден асты.

Бес жобаның төртеуі толық аяқталды. Атап айтқанда, №73-75 шахталардың әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен жылу өткеліне жөндеу жұмысы жүргізіліп, автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар №73-75 шахталардың ӘТК ғимараты мен жылу өткелінің шатырларына жаңа су ағызу жүйелері орнатылды.

Бағдарламаның негізгі жобасы №67 шахтаның әкімшілік-тұрмыстық кешенінде жүзеге асырылуда. Мұнда 70 адамға арналған жуыну және киім ауыстыру бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жұмыстың 40%-ы орындалды. 

Жөндеу жұмысы 569,3 шаршы метр аумақты қамтиды. Жоба аясында жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелердегі кафель жабынын ауыстыру, дәліз еденін жаңарту, 14 кабинет пен қосалқы бөлмелердің қабырғаларын сылау, бояу, аспалы төбе орнату, сондай-ақ есік пен терезелерді ауыстыру көзделген.

№67 шахтадағы жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту – «Қазақмыс» компаниясының еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыскерлерге күнделікті жұмыс істеу үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау.