Қазақмыс SENIM жедел желісінің жұмысы туралы еске салады
Қазақмыс өз қызметінде ашықтық, әділдік және барлық жұмыскерлер мен жұмысқа орналасуға үміткерлер үшін тең мүмкіндік қағидатын берік ұстанады.

Компания жұмысқа қабылдау, басқа қызметке ауыстыру, қызметтік өсу немесе жұмыс мәселесін шешу үшін ақша, сыйақы не өзге де қызмет ұсынуды талап етуге жол берілмейтінін еске салады.
Егер сізге осындай фактілер белгілі болса немесе корпоративтік стандарттардың бұзылуымен бетпе-бет келсеңіз, бұл туралы SENIM жедел желісі арқылы хабарлаңыз:
- телефон (Қазақстан бойынша тегін): 8-800-080-80-89;
- электронды пошта: senim@kazakhmys.kz;
- мессенджерлер (WhatsApp, Telegram): +7 708 436 2058;
- ресми сайт: kazakhmys.kz;
- SEN ішкі HR порталы;
- ресми электронды мекенжайы: official@kazakhmys.kz;
Әрбір өтініш объективтілік пен құпиялылық қағидаттары сақтала отырып, жеке тәртіппен қаралады. Заң бұзушылық расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына және компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті шара қабылданады.
Өтініштер SENIM жедел желісіне тәулік бойы, демалыссыз, мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады
Адалдық, қауіпсіздік және әрбір қызметкерге деген құрмет «Қазақмыс» Тобы жұмысының негізгі қағидаттары болып қала береді.



