Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Kazakhmys Women: компания жұмыскерлерді 8 наурызбен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақмыс корпорациясы өзіне қатысы бар өңірлерде жұмыс істейтін жұмыскер әйелдерді құттықтады. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Сәтбаев қалаларында, сондай-ақ компанияның барлық өндірістік кәсіпорындарында әйелдер қауымына арналған мерекелік кездесу өткізіліп, ізгі тілек айтылды.

Бөлімше басшылары мен әріптестері әйелдерге жылы лебіздерін арнап, өндірістік қызметке қосқан үлесі, күнделікті еңбегі және компанияның дамуына атсалысқаны үшін алғыс білдірді. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы құттықтау сөз арнады.

«Қазақмыс» тобында 8500 астам әйел адам еңбек етеді. Бұл санның артында – қайсар мінез, іскерлік және үлкен жауапкершілік тұр. Сіздер өндірістік үдерісті басқара отырып, күрделі шешім қабылдайсыздар, табысты еңбек етіп, ұжымды алға жетелейсіздер. Осының барлығын абыроймен, сеніммен және жоғары кәсібилікпен атқарып келесіздер. Басшы ретінде мен үшін сіздердің қолдауды сезініп, болашаққа сенім артуларыңыз маңызды. Біз сіздерге қауіпсіз еңбек жағдайын, кәсіби өсу мүмкіндігін және отбасыларыңыз үшін лайықты өмір сапасын қамтамасыз етуге міндеттіміз және осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз», - деді Руслан Өскенәлі.

Биыл компания көпжылдық тәжірибесі бар өндірістегі озат әйелдерге ерекше көңіл бөлді. Олар үшін Астанада әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, сондай-ақ жұмыскер әйелдердің кәсіби жетістігіне арналған Kazakhmys Women Magazine жобасының таныстырылымы өтті.