Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс Алматы қаласы шахмат құрамасының ресми демеушісі болды

Оқу-жаттығу жиындарын сәтті өткізгеннен кейін жас шахматшылар командасы 2023 жылғы классикалық шахматтан ҚР чемпионатында 6 медаль жеңіп алып, тамаша өнер көрсетті. - Смирнов Марк (12 жасқа дейінгі ұлдар арасында) - Холявко Мария (12 жасқа дейінгі қыздар арасында) - Қуандықұлы Данис (10 жасқа дейінгі ұлдар арасында) - Зиядин Малика (12 жасқа дейінгі қыздар арасында) «алтын» медаль иегері атанса, - Заркым Айлин (12 жасқа дейінгі қыздар арасында) «күміс» жүлдегер атанды.  Сондай-ақ - Асылов Мирас (16 жасқа дейінгі ұлдар арасында) «қола» медалін жеңіп алды. Өскелең ұрпақты қолдау – компанияның әлеуметтік саясатындағы бағыттардың бірі. Біз жас спортшылар мен спорттық жобаларды қолдай отырып, дені сау және гүлденген ұлттың болашағына үлес қосатынымызға сенімдіміз. «Қазақмыс» корпорациясы Алматы қаласының құрама командасын Үздік нәтижелерімен құттықтайды. Әлем және Азия чемпионаттарында жеңіс тұғырларынан көрінуді тілейді!