Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Гидрометаллургия

Қазақстандағы мыс  өндіруші  алып  кәсіпорын  саналатын –«Қазақмыс» корпорациясы  құрамында  мысы  аз сульфидтік  кеннен жаңа  технология  әдісімен  өңдеу  арқылы  мыс  алу өндірістік-тәжірибелік сынағын  бастады.Гидрометаллургиялық  өңдеуді  іске  қосу  сапасы  төмен  кенді өңдеуге  жол ашып, шикізат  қорын  молайтып, Жезқазған  аймағының  өндірістік  қызметін  50 жылға  ұзартады. Қазіргі  таңда  компания ғылыми  ізденістер мен  зертханалық сынақтарды  толығымен  аяқтады. Тамыз  айында Жезқазған  мыс  зауытында  гидрометаллургиялық өндірістік-тәжірибе  бөлімі  құрылып, сынақтан табысты  өтті.Қорытындысында катодтық  мыс  өндіруге болатыны жайлы  жағымды  нәтиже  берілді. Гидрометаллургиялық  әдіс  бұрынғы  қолданылып  жүрген пирометаллургиялық  әдіспен  қатар  қолданылады. ЖМЗ-на  шикізат кешенді  өндіріс  орындары Жыланды  тобы  мен Жаман-Айбаттың  екінші  кезегінен  әкелінеді.  Жезқазған  аймағындағы  кеніштерден, өндіріс  ашылғаннан  бергі 80 жылда жер  бетіне  1 млрд тонна  кен  шығарылған. Сондықтан  минералдық-шикізат  қорының  азаюы  заңды әрі  күтілген  құбылыс. Сонымен  қатар  компанияның  геологиялық  ізденістері   нәтижелеріне  сүйенсек, әлі 1 млрд тоннадай  құрамындағы  мыс  қоры  аздау  шикізат  қорының  бар  екені  айқындалды. Алайда, ол  шикізатты  бұрынғы қалыпты  әдіспен  өңдей  алмаймыз.  Ол кенді  өңдеу  үшін  Жезқазған  аймағында алып  гидрометаллургиялық  завод  тұрғызылады. Бұл технология-инновациялық, келешектің технологиясы. Біз жаңа зауыт құрылысын бастамас бұрын барлығын дұрыс есептеп, өндірістік қиыншылық туындамайтын жолын табуымыз керек. Сондықтан біз келешекте өндіретін өнімі әртүрлі екі гидрометаллургиялық зауыт тұрғызуды жоспарлаудамыз. Оның алғашқысы 2017 жылдың басында құрылысы аяқталып, өндіріске енетін жылына 32 160 тонна мыс концентратын өңдейтін тәжірибелік зауыт болады.Бұл үшін «Қазақмыс» корпорациясы 30 млн. доллар бөліп отыр. Ал кешенді бағдарлама бойынша біз алып гидрометаллургиялық зауыттың құрылысының жобасын жасай бастаймыз. Оның өнімі жылына 649 200 тонна, ал капиталдық шығыны 350 млн.доллар , ал құрылысы 2018-2021 жылдар деп жоспарлануда.Сонымен қатар, «Каз Гидро Медь» ЖШС-мен бірге, Жезқазғакн байыту фабрикасының 850 млн.тонна көлеміндегі жинақталған қалдығын өңдеудің жаңа технологиясы жасалды. Осының барлығы Жезқазған аймағындағы минералды-шикізат қорын толықтыру мақсатында жүзеге асырылуда.