Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
18.04.2024
Гуманитарлық көмекті Қарағанды мен Ұлытау облысыныңдағы
компания қызметкерлері жинады. Аптаның басында Қазақмыстың 14 арнайы техникасы су
тасқынынан ең көп зардап шеккен жерлерге жіберілген болатын. Қазіргі уақытта
техникалар Батыс Қазақстан облысында көмектесуде. Бұған дейін KAZ Minerals Тобы мен "Қазақмыс
Корпорациясы" ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион
теңге бөлген болатын.



