Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

«Қазақмыс» баспасөз қызметі мен Atameken Business телеарнасының бірлескен жобасы – «Призвание» деректі циклі «Золотой Гефест 2023» ұлттық салалық сыйлығын жеңіп алды. Жоба «Жылдың Медиа жобасы. Теледидардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Марапат- Балқаш металлургы Әлімжан Нақыпеков жайлы материалдың авторы, телеарна редакторы Диас Баймұхамедовке табысталды. Айта кетейік, Atameken Business осы номинацияда екінші жыл қатарынан «Золотой Гефест» сыйлығын жеңіп алып отыр. Өткен жылы Қазақмыстың қызметіне арналған «№29 Элемент» деректі фильмі үздік деп танылған болатын. «Призвание» деректі циклі қарапайым адамдардың өмірі, олардың бастан кешкен қиындықтары жайлы және жұмыс олардың өмірінің бір бөлігіне айналғаны туралы баяндайды. Жоба- еңбек адамының беделін арттыруға және телекөрермендерді «Қазақмыс» тау-кен металлургия алыбымен, сондай-ақ оның Қазақстан экономикасына қосқан зор үлесімен таныстыруға бағытталған. 2019-2022 жылдар аралығында «Призвание» циклінің 37 шығарылымы эфирге шығып, оған «Қазақмыс» өндірістік кәсіпорындарының 40 - қа жуық қызметкерлері-еңбек сіңірген металлургтер, байытушылар, кеншілер мен энергетиктер қатысты.