Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ГЕОЛОГ

Достияр Қарабаев Ұлытау кентінде туып-өскен. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі.  Еңбек жолын Оңтүстік Жезқазған кенішінің жерасты учаскесінің учаскелік геологынан бастаған ол, одан әрі, осы кеніште аға геолог болды, содан кейін «Жаман-Айбат» кенішінің бас геологы болып тағайындалды. Осы кәсіпорындардың барлығында жұмыс істей отырып, Достияр Өмірбекұлы жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері мен терең инженерлік-геологиялық білімдерін көрсете білді. Біраз уақыттан кейін, ол алдымен «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас геологы, содан кейін «Қазақмыстың» бүкіл тау-кен өндірістік кешенінің бас геологы болып тағайындалды. Жезқазғанның тау-кен кәсіпорындарында Достияр Қарабаев геология саласының ірі де білікті маман ретінде қалыптасты. Жезқазған өңірінің кәсіпорындарында жұмыс істеген жылдары инженер-геолог «Жаман-Айбат» пен Жезқазған кен орындарын игеру бойынша көптеген геологиялық барлау жұмыстарына белсене қатысты.  2019 жылдан бастап, Достияр Қарабаев, Балқаш өңірінде «Балқаштүстімет» ӨБ бас геологы болып жұмыс істей бастады. Ұжымда жұмыс істеу қабілетін оның геолог-әріптестері де атап өтті. Достияр Қарабаев өндірісті жақсы біледі және оны білікті басқарады дейді. Достияр Қарабаевтың 20 жылдан астам уақыт еңбек және өндірістік қызметі Қазақстанның геологиясы мен минералдық байлығын зерттеумен байланысты. 2022 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің басшылығы оны Балқаш өңірі бойынша тау-кен байыту кешенінің бас геологының орынбасары етіп тағайындайды. Қазіргі уақытта, Достияр Қарабаев- Кен-байыту техникалық бөлімінің (жобалау бойынша) бас маманы қызметін атқарады. Өндірісте жұмыс істеген жылдары Достияр Қарабаев, кәсіпорынның және «Қазақмыстың» көптеген грамоталарымен, сондай - ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III-дәрежелі «Кенші даңқы» салалық наградасымен марапатталды.  2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астанада еліміздің отандық геологтарының I съезі кезінде, Достияр Қарабаев, көп жылдық және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «ҚР Еңбек сіңірген геологы» салалық белгісімен марапатталды. Достияр Қарабаевты жоғары және лайықты марапатымен құттықтаймыз! Ләззат Смағұлова