Құрметті Қазақмыс жұмыскерлері!
15.12.2022
Бүгінде біз Жаңа және Әділетті Қазақстан құрудамыз. Президентіміз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстан – бүгінгі ұрпақтың келер ұрпаққа аманаты»
деп атап өткен болатын. Қазақмыс та Тәуелсіз Жаңа Қазақстан құру ісіндегі өз
үлесінің көптеген ұрпаққа елеулі және маңызды болуы үшін қолдан келгеннің бәрін
жасайды. Біздің өнімдеріміз Қазақстанда және шетелде сұранысқа ие, кәсіпорындар
бірнеше ондаған мың қазақстандықтарға жұмыс береді. Қазақмыс біздің
қатысуымыздағы өңірлердің әлеуметтік өміріне белсенді қатыса отырып,
корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің барлық қағидаттарын сақтайды. Биыл жаңа
Ұлытау облысы құрылды, оны көтеру және қолдау үшін біздің компания орасан зор
қаражат салуда, осылайша жолымыздың ортақтығын растайды. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесінде шын жүректен денсаулық пен молшылық,
бейбітшілік пен шексіз бақыт тілеймін! Біздің жетістіктеріміз әрқашан еліміздің
жетістігі болсын! Құрметпен, «Қазақмыс» компаниялар тобының Директорлар кеңесі



