Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Халықаралық еңбекті қорғау күні: Қазақмыс өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсартуда

Мәселен, 2021 жылдың соңында Қарағанды облысы бойынша прокурорлық тексеру аясында бетонды бекітудің артта қалуына байланысты 141 заңбұзушылық анықталып, бүгінгі күні оның 138 пункті жойылды, 3 пункт іс-шаралар мерзіміне сәйкес жойылуда. Болат-полимерлік бекіту бойынша заңбұзушылықтың 91 пункті анықталды, барлық бұзушылықтар жойылды. Бүгінгі күні "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС кәсіпорындарында тау-кен қазбаларын Болат-полимерлік бекітуге арналған 25 бірлік бұрғылау қондырғылары бар. 2021 жылдың соңында Sprymec автономды торкрет бетонды бекіту үшін 1 миллиард 311 миллион теңге сомасына 6 бірлік машина сатып алынды.   "Қазақмыс" компаниясы жұмыскерлердің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін дербес және ұжымдық жауапкершілігін дамытады және ынталандырады, қауіпсіздіктің тұрақты мотивациялық механизмін қалыптастыру бойынша ресейлік және шетелдік озық тәжірибені барынша кеңінен енгізуге ықпал етеді және енгізеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы — "Қазақмыс"компаниясының стратегиялық басымдылығы. Компания өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың нөлдік санына қол жеткізуге тырысады. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ауыр дәрежедегі жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ. Мұндай нәтижелерге біздің бірлескен жұмысымыздың және кәсіпорынның әрбір қызметкерінің жауапкершілігінің арқасында қол жеткізілді.