Қазақмыс саяхатшыға Жезқазған қаласынан пәтер сыйлады
10.10.2022
«Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың
барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп,
денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісінің жас
ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан
Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және
сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы
ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз», - деп құттықтады «Қазақмыс
Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев. Айта кетейік, Қазақмыс компаниясы Сәрсенбай
Қотырашовке жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға тартты.



