Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс компаниясы еңбек жарақаты салдарынан жұмыс істемейтін мүгедектер мен өндірісте асыраушысынан айырылған адамдарға материалдық көмек көрсетеді.

Төлем салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, (Қазақстан Республикасында ағымдағы жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі деңгейінде), 2022 жылдың сәуір айынан бастап 2022 жылдың соңына дейін 36 018 теңге сомасында басталады. Бұл шара осы адамдардың әл-ауқатының деңгейін жақсартуға, сәл де болса қолдауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Осылайша, Қазақмыс компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қызметкерлерін қолдаудың қосымша шараларын жүзеге асыруды жалғастыруда. "Қазақмыс Холдинг" ЖШС әкімшілігі