Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Бүгінгі таңда адам санасына әсер етудегі сіздердің  рөлдеріңіз аса бағалы. Сіздер елдің әр түкпірінде жүріп, ең жарқын оқиғалардың куәгері болып, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар. Сіздердің білімқұмарлықтарыңыздың, жаңа ақпараттық жағдайларға деген құштарлықтарыңыздың, объективтіліктеріңіздің арқасында бүкіл ел мен әлем «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметі жайында,  кеншілер мен байытушылардың, металлургтердің күрделі жұмысы туралы хабардар болуда. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінде әртүрлі республикалық және халықаралық басылымдарда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс істейді. Біз сіздердің  еңбекеріңізді  түсінеміз және бағалаймыз. Біздің қағидатымыз —  диалогқа ашықтық және жемісті ынтымақтастық. Біз Сіздерді Қазақмыстың кәсіпорындарында күтеміз және қоғам үшін қызықты және маңызды материалдарды дайындауда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздерге тек жақсы жаңалықтар, лайықты жалақы, денсаулық және бақыт тілейміз!  Ізгі тілекпен,   «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінің ұжымы.

Смотрите также

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
21.05.2026
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды