17 Қаз 2023

Балқаштың экожүйесін жақсарту

Балқаш көлінің Бертіс шығанағы бір күнде 166 мың балықпен толықтырылды. «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-гі, балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш филиалымен бірлесіп су қоймасын балықтандыру бойынша экологиялық акция өткізді.

Image 2

Акцияның басты мақсаты - Қазақстанның табиғи көрікті жері болып табылатын Балқаш көлінің экожүйесін жақсарту. Балықтандыру мәселесі  жергілікті фаунаны әртараптандырып қана қоймай, сонымен қатар көлдің экологиялық жағдайына оң әсер етеді.

Image 2

Табиғи мекендеу ортасына балық питомнигінде өсірілген жарты жыл жасындағы тұқы тұқымдасының 166 мың сазан шабақтары шығарылды. Олар Балқашқа Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығынан арнайы жабдықталған екі автокөлікпен жеткізілді. Әр шабақтың салмағы 9-дан 100 грамға дейін болды. Бұған дейін Металлургтер көлге 234 мың сазан шабақтарын жіберген болатын. Мамандар атап өткендей, күзгі кезеңде су қоймаларын балықтандыру, шабақтардың әрі қарай жаңа ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.

Image 2

Балықтандыру процесі Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, «Балық шаруашылығы ҒӨО»  ЖШС Балқаш филиалы, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС және әкімдік өкілдерінің қатаң бақылауында өтті.

Image 2

Экологиялық жағдайды жақсарту - Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Қарағанды облысының сегіз басымдығының бірі. Президенттің бастамаларын қолдай отырып, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-гі, өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қоршаған орта мәселелерін шешуге үлкен көңіл бөледі.

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!