03 Мам 2023

Үлкен құрылыстың аяқталуы

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Шығыс Сары-Оба» кенішінде таза ауаны тереңдікке жеткізуге және адамдарды түсіріп көтеруге арналған «Ауа беру-ұңғысы» ауқымды құрылысын аяқтады.

Image 2

Ауа беру ұңғысын жасақтау жұмыстары 2019 жылы басталды. Жыланды кенішін дамытудың стратегиялық жоспары шеңберінде жобаны іске асыру үшін «Башқұрт шахталық бұрғылау басқармасы» компаниясы тартылған болатын. Айта кету керек, бұл компанияда негізінен Жезқазған мен Сәтбаевтың қызметкерлері жұмыс істейді. Құрылысшылардың міндеті ауқымды болды – диаметрі 9,3 метр және тереңдігі 637 метр болатын оқпан қазу.

Image 2

2023 жылдың сәуірінде «ауа беру-ұңғысы» оқпанының құрылысы сәтті аяқталды. Осы жылдың мамыр айынан бастап оқпанды тұрақты пайдалану кезеңіне жарақтандыру жұмыстары басталды.

Image 2

Осы объектіні іске қосу жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Новости по теме

Новости по теме

28 Feb 2024

ҚАЗАҚМЫС ҚР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

23 Feb 2024

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӨЗДЕРІН ТАНЫТА БІЛДІ

21 Feb 2024

Жезқазғандағы өндіріс жастарының слеті

21 Feb 2024

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ОРЫНДАЛДЫ

14 Feb 2024

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

09 Feb 2024

Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитация алды