16 Қаз 2023

«Қазақмыс» күніне арналған спартакиада

Балқаш қаласында «Қазақмыс» күніне арналған спартакиада өтті. «Металлург» спорт кешенінің алаңында Жезқазған, Балқаш және Қарағанды облыстарының цифрландыру қызметі мамандарынан құралған командалар өзара бақ сынасты.

Image 2

Жарыс екі күнге созылды. Оған цифрландыру қызметінің мамандарынан   құралған төрт команда қатысты - Ұлытау өңірінен екі команда және Балқаш пен Қарағандыдан бір-бір команда. Спартакиада үстел теннисі, волейбол және шағын футболдан үш спорт түрі бойынша өтті.

Image 2

Үстел теннисінен «Ұлытау» командасы өздерінің мықты екендіктерін көрсетсетті. «Күміс» жүлдені Жезқазған командасының спортшылары жеңіп алды. «Қола» жүлде қарағандылық қатысушыларға бұйырды. «Үздік ракетка» номинациясын жезқазғандық Жасұлан Исабеков жеңіп алса, балқаштық Қамбар Аппазов теннистің ғана емес, бүкіл цифрландыру қызметінің ардагері деп танылды.

Image 2

Волейбол сайысынан Балқаш командасының ойыншылары ең епті, ең жылдам болып шықты. Екінші орын Жезқазған өндірістік алаңынын волейболшыларына бұйырса,  қарағандылықтар үшінші орыннан көрінді.  Ойын барысында балқаштық Айнұр Қуатова үздік ойыншы деп танылса, қарағандылық Абылай Алиев үздік орталық бұғаттаушы атанды.

Image 2

Шағын футболдан «Ұлытау» командасы тартысты ойында лайықты жеңіске жете білді. Құрметті екінші орын Қарағанды өндірістік алаңының  футболшыларына бұйырды. Жезқазғандықтар қола жүлдені жеңіп алды. «Үздік шабуылшы» номинациясына балқаштық Олжас Жылтинов лайық деп танылса, үздік қорғаушы атағын жезқазғандық Бекзат Есов жеңіп алды. Үздік қақпашы және ойыншы болып жезқазғандық Айбек Сағынтай мен қарағандылық Низами Дәуіт танылды.

Image 2

Спартакиаданы «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымы мен «Жастар Болашақ» Жастар одағы ұйымдастырды. Олардың айтуынша, Қазақмыс Тобының еңбек ұжымы арасында спорттық іс-шаралар өткізу көпжылдық жақсы дәстүрге айналған. Аталмыш мұндай игі шаралар қызметкерлердің ұжымдық рухын нығайтады, салауатты және белсенді өмір салтын қалыптастырады, корпоративтік мәдениетті нығайтудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді және географиясы мен қызмет түріне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасында достық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!