10 Қаз 2023

Қызметкерлерді ынталандыру және дамыту процестеріне жаңа көзқарас

Жезқазған, Қарағанды және Балқаш өңірлерінде байытушыларға арналған «Шеберлер мектебі» бағдарламасының үшінші модулі сәтті өткізілді. Бұл жолы қызметкерлерді дамыту және ынталандыру тақырыбына ерекше назар аудару туралы шешім қабылданды.

Image 2

Модуль аясында қатысушылар мотивация феноменін және оның ынталандыру процесінен түбегейлі айырмашылықтарын; бағыныштылардың өзіндік мотивтері мен мотивациясын қалай тиімді басқаруға болатындығын білу; сонымен қатар оқыту және өзін-өзі дамыту саласында жұмыс құралдарын алу керектігін анықтауы керек болды.

«Маған Қазақмыстың көзқарасы және мұндағы жаттығулардың бір орында тұрмай, дамып, заман ағымына ілесіп жатқаны ұнайды». Кәсіпорынның өз қызметкерлерінің дамуына инвестиция салғаны қуантады. «Шеберлер мектебіне» келетін болсақ, өткен модульдердің тақырыптары біз үшін кәсіби даму тұрғысынан ғана емес, өмірде де пайдалы болады. Оқытудың жоғары ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Алдағы уақытта өңірлерге барып зауыттар арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастырған дұрыс», - деп бағдарламаға қатысудан алған әсерімен бөлісті Балқаш байыту зауытының конвертер қожын өңдеу, қоюландыру және сүзу цехының ауысым шебері Бауыржан Бегдербеков.

Қазіргі уақытта модульдік бағдарламаның басым бөлігін қатысушылар игеріп үлгерді. Алда оларды басқару мен ұжымдық өзара әрекеттестіктің барлық қыр-сырын қорытындылауға мүмкіндік беретін соңғы төртінші модуль күтіп тұр.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!