07 Мау 2023

«Kazakhmys Barlau» Ұлытау облысында геологиялық сессия ұйымдастырды

Оған геология ардагерлері мен жетекші мамандар қатысты. Сессия қонақтары Қазақмыс Корпорациясының минералды-шикізаттық базасымен танысып, Шығыс-Жезқазған кенішінің шахтасына түсті.

Image 2

Өндірістік алаңдарда олар дала жұмыстарын жүргізуге арналған

заманауи технологиялармен танысты. Бұл сессия геологтар үшін ағымдағы және келешектегі жобаларды талқылап, өз тәжірибелерімен алмасу үшін таптырмас мүмкіндік болды.

Жиын барысында мамардар Kazakhmys Barlau-дың еліміздің геологиялық саласына кен орындарын зерттеу арқылы қосып жатқан үлесі мен материалдық қолдауының зор екендігін атап өтті.

Image 2

Сессия қатысушылары сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарының түрлі аспектілерін талқылап, оның ішінде сәтті жобаларды атап, қатерлер мен даму перспективаларын ортаға салды. Осы индустрияны дамыту үшін замануи технологияларды пайдаланып, кадрларды дайындаудың маңыздылығы да аталды.

Жас мамандар тәжірибелі, білікті геологтардан өз сұрақтарына жауаптар мен кеңестер алды.

Image 2

ҚР еңбегі сіңген геологы Олжабай Исмаиловтың өз сөзінде «Біз өзара әңгімелескен кезде, пайдалы қазбалар кеніштерін тауып, оның тереңдегі құрылымын анықтау үшін «Kazakhmys Barlau» компаниясында барлық құралдар бар: ол заманауи геофизикалық тәсілдер мен сапалы геологиялық зерттеулер. Біз осы жерде жаңа кен орындары ашылатынына 100% сенімдіміз. Сіздерге сәттілік тілейміз!», - деді.

Image 2

Бұл сапар барысында геологтар мен ардагерлер Ұлытау облысының киелі жерлерін де аралады. Оның ішінде Жошы-хан, Алаша-хан, Домбауыл батыр, Дүзен мен Ерден Сандыбайұлдарының кесенелері және Үш жүздің басы қосылған тарихи қасиетті жер – Хан Ордасы бар.

Image 2

Сессия соңында геология ардагерлері компанияның жоғарғы деңгейін атап өтіп, «Kazakhmys Barlau» қызметкерлерінің кәсібилігін бағалады. Ал мұндай танымдық, тиімді сапарларды жиірек өткізіп тұруды ұсынды.

Новости по теме

Новости по теме

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді