05 Қыр 2023

Қамқорлық пен зор ықылас

«Қазақмыс» өндірістері шоғырланған өңірлердің тұрғындарын әлеуметтік қолдау бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындай отырып, білім күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Image 2

Бұл жолы, «Қазақмыс», Балқаш қаласындағы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті. Металлургтер, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабеловтың жетекшілігімен, 45 балаға мектеп формасы мен аяқ киім сыйлады. Ал, 1 қыркүйекте, балалар, Білім мерекесіне жаңа киіммен келді.

- Біздің оқу орнында 220 оқушы оқиды, олардың 100 біздің интернатта тұрақты негізде оқида да және тұрады. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не қамқорлықтары үшін және металлургтер бізге ерекше ықылас танытқаны үшін алғыс айтқым келеді.Сонымен қатар, жазғы кезеңде, балаларымыз үшін металлургтер Тораңғы тоғайына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Мектеп пен кәсіпорын арасындағы достық болашақта да жалғасады деп ойлаймын, - деді директор Асхат Талімов. 

Қайырымдылық акциясы, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС ұйымдастырған маусым айындағы «CUPRUM RUN» марафонының тікелей жалғасы болды. Қатысушылардың жарналарынан жиналған барлық қаражат көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнайы мектеп формасын сатып алуға жұмсалды.

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш өңірінің өміріне де белсенді қатысады. Ағымдағы жылы, қала аумағын көгалдандыру, «Бертіс» шығанағы аймағындағы Балқаш көлінің фаунасын сақтау және жақсарту бойынша науқан жүргізіп, су қоймасын тұқы балықтарымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.Көлдің жағажай аймағында «Таза жағалау» акциясы бірнеше рет өткізілді. Жас шахматшылардың халықаралық және республикалық деңгейдегі турнирлерге қатысуына демеушілік жасалды.

Болашақта осындай әлеуметтік жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ляззат Смагулова

Новости по теме

Новости по теме

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

18 Jun 2024

Қазақмыс Премьер-Министрге Жамбыл облысындағы Шатыркөл байыту фабрикасын таныстырды

15 Jun 2024

ЖБФ үздік қызметкерлерін қалай құттықтады

15 Jun 2024

Ғалымдар кенді байытудың инновациялық әдістерін ұсынды

06 Jun 2024

Нұрахмет Нуриев министр Қанат Шарлапаевқа «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметі туралы айтып берді