14 Сәу 2023

Премьер-министр жұмыс сапарымен «Қазақмыстың» бірқатар нысандарында болды

Біз бүгін Ағымдағы қызмет

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлытау өңіріне жұмыс сапары барысында «Қазақмыс» компаниялар тобының бірқатар нысандарын аралады. Министрлер кабинетінің басшысы Жезқазған мыс қорыту зауытында, ЖЖЭО және Анненская кенішінде болды.

ЖМЗ мыс электролиз цехында импровизацияланған алаңда жұмыс кеңесі өтті, онда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев компанияның өткен жұмыс нәтижелері және 2023 жылдарға арналған жоспарлары туралы баяндама жасады. Бұл жаңа нысандардың – ЖМЗ базасындағы күкірт-қышқыл цехының, Хаджиконған және Жыланды кеніштерінің құрылысы, қолданыстағы өндірісті жаңғырту және тағы басқалар.

Image 2

Корпорация басшысының баяндамасында компания жұмыс істейтін қалалардағы жұмысшылар мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан «Қазақмыстың» әлеуметтік саясаты мәселелері де сөз болды.

Image 2

Атап айтқанда, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін тау-кен саласы қызметкерлерінің регресс төлемдері мен зейнеткерлік жасын қысқарту бөлігінде екі жаңа әлеуметтік бағдарламаны ұсынды.

Image 2

Әлеуметтік бастамаларды Премьер-Министр қолдады, бұл бағдарламалардың егжей-тегжейлері алдағы уақытта жарияланады.

Image 2

Премьер-министр Жезқазған ЖЭО-да болған кезде жаңа жылу маусымына дайындыққа ерекше назар аударылды

Image 2

- Алдағы қыста штаттан тыс немесе апаттық жағдайлар болмас үшін, қазір ЖЭО-ның тұрақты жұмысына қаражат салу қажет. Биыл ЖЭО жөндеу жұмыстарын толық қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Қаржыландыру «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, деді Әлихан Смайылов.

Image 2

Анненский шахтасында Премьер-министр кеншілердің еңбек ұжымымен кездесті, онда көптеген мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Нұрахмет Нұриев Министрлер Кабинетінің басшысын жаңа бастамалармен таныстырды. Үкімет басшысы диалог пен өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

28 Feb 2024

ҚАЗАҚМЫС ҚР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

23 Feb 2024

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӨЗДЕРІН ТАНЫТА БІЛДІ

21 Feb 2024

Жезқазғандағы өндіріс жастарының слеті

21 Feb 2024

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ОРЫНДАЛДЫ

14 Feb 2024

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

09 Feb 2024

Қазақстан Республикасындағы екінші мемлекеттік мектеп тәуелсіз аккредитация алды