23 Там 2023

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған ЖЭО-на барды

Бірінші вице-премьер тәулік бойы негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскелерде болып қайтты.

Image 2

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Бас директоры Темірлан Өтегенов жауап бергендей, Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді.

Жезқазған ЖЭО-да №11 қазандық агрегатының ағымдағы жөндеуі толығымен орындалған. №4, №8 және №9 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №10 станция қазандық агрегатын ауыстыру жобасы ҚР энергетика министрлігінің келісімінде. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары және №4 турбоагрегатты күрделі жөндеу жоспарланған. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аяқталады.

Сонымен қатар, №6, 7, 8 турбоагрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істейді.

Қоймадағы көмір қоры 243267 тоннаны, мазут қоры - 1600 тоннаны құрайды.

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60% құрайды. 2023-2024 жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады.

Новости по теме

Новости по теме

07 Oct 2024

«Қазақмыс» Тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға орын алғанын хабарлайды

04 Oct 2024

Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс» ұжымымен кездесу өткізді

03 Oct 2024

Қазақмыс қайырымдылықтағы стратегиялық альянс үшін марапат алды

02 Oct 2024

Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін сақтау шараларын әзірлеу үшін күшті біріктіруге шақырды  

30 Sep 2024

Satbayev University және Қазақмыс Қаныш Сәтбаевтың құрметіне кітап шығарды

29 Sep 2024

ҚҚМЖЗ базасында өткен республикалық олимпиадада Балқаштан келген студент жеңімпаз болды