07 Қар 2023

36 018 теңге көлемінде материалдық көмек алушылар туралы мәліметтер

«Қазақмыс» компаниялар тобы әлеуметтік бағдарланған компания болып табылады және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына тұрақты түрде түрлі қаржылық көмек көрсетіп келеді.

Мәселен, 2022 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқармасының шешімі бойынша жұмыс істемейтін мүгедектерге және мүгедектік тобынсыз кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жандарға, еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауруы бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдер алатын тұлғаларға, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, ай сайын 36 018 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар жайлы нақты деректердің болмауы жөнінде мәселе туындап отыр. Бұл тұлғалар контактілерді немесе телефон нөмірлерін ауыстырған кезде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жазатайым оқиғаларды тергеу және өтемақы департаментіне және өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе туысының қайтыс болғаны туралы кәсіпорынның кадр қызметтерін хабардар етпейді.

 «Қазақмыс» деректер базасын жаңарту қажеттілігіне байланысты ай сайынғы 36 018 теңге көлеміндегі материалдық көмек алушылар келесі телефондар арқылы хабарласып, өздері туралы өзекті ақпаратты ұсынуы қажет:

87474365331 - Мақпал

87013373703 - Назым

87781415665 - Марат

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС базасында материалдық көмек алушымен байланысуға болатын өзекті байланыс деректері болмаған жағдайда, 2023 жылғы қараша айынан бастап 36 018 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлемдерді  төлеу мәліметтер түскенге дейін тоқтатылады.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!