24 Қаз 2023

«Қазақмыстың» параспортшысы Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан мемлекеттік сыйлық алды

Қазақмыстың IT маманы, параспортшы Айсұлу Сүлейменова спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталды.

Image 2

Республика күнін атап өту қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына зор үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды. Марапатталғандар қатарында жеңіл атлетикадан республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Айсұлу Сүлейменовада бар.

Айсұлу Сүлейменова «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС цифрландыру қызметінің жетекші инженері болып қызмет атқарады. Оның өр мінезі мен жеңіске деген ұмтылысы көпшілікке үлгі болып келеді. Айсұлу волейболды отырып ойнаудан қыздар ұлттық командасының тұрақты мүшесі. Ол 2023 жылы Азия чемпионатында ел намысын қорғады.

Image 2

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Айсұлу Сүлейменова жеңіл атлетикадан ҚР VІ жазғы Паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, спорт шебері кандидатының нормативін орындап, 1 орынға ие болды. Қазір ол жеңіл атлетикадан Халықаралық паралимпиада ойындарына дайындалуда.

Айсұлу Сүлейменованы лайықты марапатымен құттықтаймыз және одан әрі спорттық және жеке жеңістер тілейміз!

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!