26 Қаз 2023

«Жыланды» кенішіндегі топтық жазатайым оқиға туралы ақпарат

24 қазан күні екінші ауысымда «Жыланды» кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді.

Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады.

Нәтижесінде барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының «медициналық орталығына» жіберілді.

Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді.

Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі.

Оқиғаның себептері анықталуда.

«Қазақмыс» баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен басқа да медиа пайдаланушыларды «Қазақмыс» компаниялар тобының ресми хабарламаларына ғана сенуге және тексерілмеген, дұрыс емес ақпаратты елемеуге шақырады.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!