18 Шіл 2023

Балқаштық металлургтерге марапат жасалып, гүл шоқтары беріліп, құрмет көрсетілді

«Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері үшін Металлургтер күнін мерекелеудің басты оқиғасы - үздік қызметкерлерді салалық және мемлекеттік наградалармен марапаттау болды.

Image 2

Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев металлургтерге  жылы лебізін білдіріп, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС - нің тоғыз қызметкеріне облыс және қала әкімінің алғыс хаттарын  табыс етті.

Image 2

Мерекелік шараны «Казахмыс Смэлтинг»  ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов жалғастырды. Бірінші басшы, металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, сегіз қызметкерді «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесі төрағасының, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының және «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС бас директорының Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Image 2

Мерекенің ең қуанышты оқиғасы металлургия кәсіпорнының сегіз қызметкерінің ІІІ, ІІ және І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталуы болды. Марапаттау рәсімін Смэлтингтің өндірістік директоры Марат Әубәкіров өткізді. Салалық белгімен БМЗ МБЦ балқытушысы Саят Аманбеков, МҚЦ БЖЖ  учаскесінің басшысы Валерий Тастанбеков,  БМЗ ШД ЦКБ кептіргіші  Тұрғанбек Дуанбеков, «Казахмыс Смэлтинг»  ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Айдар Түсіпбеков, Ерболат Шәкіров, БМЗ БӨАжА АЖБ слесарі Ерболат Шәкіров, БМЗ КҚЦ басшысы Евгений Сивун, БМЗ МБЦ балқытушысы Манат Сарбасов, БМЗ БМЦ балқытушысы Рашид Аманбеков. Ал, Астана қаласында 1-дәрежелі салалық белгімен БМЗ МЭЦ ДӨБ  өнім тазалаушысы Сейтқали Сағалов марапатталды. Рашид Ахметов пен Сейтқали Сағалов «Еңбек даңқы» белгісінің толық кавалері атанды.

Ләззат Смағұлова

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады