20 Қаз 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «MineMovie-2023» V Халықаралық кинофестивалінің бірден екі марапатына ие болды

«MineMovie-2023» тау-кен өндіру саласы туралы қысқаметражды деректі фильмдер фестиваліне пайдалы қазбаларды өндіруге және өңдеуге маманданған ондаған компаниялар қатысқан болатын. Биылғы жылы кинофестивальге алғаш рет Қазақстан өкілдері – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысты.

Image 2

Кинофестиваль қорытындысы бойынша біздің компания «металдар және технологиялар» фильмдер циклі үшін «үздік ғылыми-танымал фильм» номинациясы бойынша және «жаңартылатын энергия көздері.Kaz Green Energy» фильмі үшін «экологиялық жобалар туралы үздік фильм» номинациясы бойынша екі үшінші орынды жеңіп алды.

Image 2

Пайдалы қазбалар туралы «Металдар мен технологиялар» атты ғылыми-танымдық деректі фильмдер топтамасын «Қазақмыс» баспасөз қызметі ағартушылық мақсатта құрған болатын. Бұл қысқа метражды фильмдер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысатын қалалардағы жалпы білім беру мекемелерінде қосымша оқу құралдары ретінде пайдаланылады. Ғылыми-танымал бейнелер жеңіл және қолжетімді түрде Қазақстан аумағында бар түрлі металдар мен кен орындарының қасиеттері туралы баяндайды.

Image 2

 «Жаңартылатын энергия көздері. Kaz Green Energy» фильмі «жасыл» энергетика саласындағы «Қазақмыс» қызметі туралы әңгімелейді. Осы экологиялық жобалармен «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС отын-энергетикалық кешенінің құрамына кіретін «Kaz Green Energy» ЖШС компаниясы айналысады. Бүгінгі таңда компания «Кеңгір» және «Балқаш» екі күн электр станциясын және «Кеңгір» биоэлектростанциясын салып, сәтті іске қосты.

Image 2

«MineMoviе» тау-кен өндіру саласы туралы Халықаралық қысқаметражды деректі фильмдер фестивалі 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Кинофестиваль нәтижелерін жариялау және марапаттау Мәскеудегі «МАЙНЕКС» Тау форумы аясында өтті.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!