24 Ақп 2023

Қарсақпай мыс балқыту зауытын консервациялауға қатысты ақпарат

Қазақстан түсті металлургиясының бастауында тұрған Қарсақпай мыс балқыту зауытының тарихы тереңде жатқан кәсіпорын. Осынау ғасырға жуық тарихы бар кәсіпорынды 95 жыл бұрын Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ашқан.

Image 2

Қарсақпай мыс балқыту зауыты мен еңбек ұжымының жалпы Жезқазған өңірінің, өркендеуіне қосқан үлестері орасан зор. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы Қарсақпай мыс балқыту зауыты  компанияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуіне ерекше ықпал еткенін жоғары бағалайды.

Қазіргі уақытта зауытты консервациялау бойынша жол картасын дайындаумен қатар, басқа да  кешенді іс-шаралар әзірленуде. Дегенмен бұл мәселе бірақ күнде шешіліп, орындалатын оңай шаруа емес. Ол үшін арнайы зерттеу жасалып жан жақты талқылау жүргізіледі.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы өткен жылдың екінші желтоқсанында өткізген жиналыс барысында, кәсіпорын жұмысшылары қысқартылмайтынын, жалақылары да сақталатынын түсіндіріп өткен болатын. Бүгінгі таңда зауыт қызметкерлерінің еңбекақыларын сақтай отырып  қазақмыстың басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!