23 Қаз 2023

Патриоттарды тәрбиелеу

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжінде «Қайсар» патриоттық әскери-спорт клубының қатарына қабылдау үшін ант қабылдау рәсімі өтті. Аталмыш колледждің 21-ге тарта бірінші курс студенттері ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін батыл қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Image 2

«Қайсар» клубы 2016 жылы «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы аясында құрылып, «Қарағанды облысының патриоттық және әскери-спорт клубтары Федерациясында» тіркелген. Қайсар сарбаздарының үш түрлі өз формасы мен әдемі жолақтары - шеврондары бар.

Image 2

«Қайсар» клубының мүшелері арасында ақпараттық-тәрбиелік, моральдық-адамгершілік және кәсіби іс-шаралар өткізіліп отырылады. Колледж студенттерімен әскери-патриоттық жұмыс үш бағытта жүргізіледі: жалпы дамыту, бастапқы әскери даярлық негіздерін теориялық білу бойынша әскери-қолданбалы практикалық сабақтар; бастапқы әскери даярлық курсынан өту қорытындысы бойынша оқу-далалық жиындар. Колледж ұжымы сонымен қатар «Ауған соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы» ҚБ, Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімімен және №53898 әскери бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Image 2

Өз қызметі барысында «Қайсар» клубы көптеген жетістіктерге қол жеткізген.  Қайсарлықтар 2018 жылғы қала колледждерінің студенттері арасында әскери-спорттық турнирлердің чемпиондары болып табылады, сондай-ақ «Отан қорғаушы 2018» облыстық әскери-спорттық турнирінің, «Айбын 2019» облыстық турнирінің, «Жас сарбаз 2022» турнирінің және 2023 жылғы Қарағанды облысының колледж студенттері арасында облыстық әскерилендірілген кросстың жүлдегерлері болды.

Image 2

Салтанатты рәсім барысында қайсарлықтар атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық білімдері мен шеберліктерін паш етті, автоматтарды жедел және тез бөлшектеп- жинап, 16 кг салмақтағы кір тасын көтеріп, пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша тамаша дайындықтарын көрсетті.

Ләззат Смағұлова

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!