24 Нау 2023

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орайластырылған «Қазақмыс» компаниялар тобының дәстүрлі спартакиадасының қорытындысы шығарылды

Жарысқа компанияның барлық аймақтарынан 300-ден астам қызметкер қатысқан болатын.

Турнирде шағын футболдан  Жезқазған байыту фабрикасының командасы жеңіске жетсе, екінші орынды «Западный» кенішінің қызметкерлері иеленді, ал үшінші орынды Жезқазған мыс балқыту зауытының футболшылары жеңіп алды.

Үстел теннисінде «Қарағандытүстімет» ӨБ қызметкерлері үздік деп танылды. «Күмісті» Балқаш мыс балқыту зауытының қызметкерлері жеңіп алса, «Қола жүлде» «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының енішінде кетті.

Балқаш мыс балқыту зауытының қызметкерлері үздік волейболшылар атанды. Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері 2 орынды, ал «Балқаштүстімет» бойынша спортшылар 3 орынды иеленді.

Олжас Жанбосынов 75 келі салмақ дәрежесінде қазақша күрес чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды Жақсылық Төрехожин мен Әділ Арғын жеңіп алды.

90 келіге дейінгі салмақта балуан Ислам Рахманқұлов жеңіске жетті. «Күміс» Дастан Данаевтың есебінде, ал «қола»  Ернат Төлешке бұйырды.

+90 кг ең ауыр салмақ дәрежесінде бірінші орынды Еркебұлан Әбенов, екінші орынды Ерасыл Нұғымат, құрметті үшінші орынды Ұлықбек Төлеуов иеленді.

Барлық чемпиондарымызды лайықты жеңістерімен және марапаттарымен құттықтаймыз!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады