15 Қар 2023

Тәлімгер болу өнері

Жақында Қарағанды құю-машина жасау зауытында өндірістегі тәлімгерлік негіздеріне арналған екі күндік тренинг өтті.

Image 2

Аталмыш бұл игі шараны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдық даму және персоналды басқару дирекциясының персоналды дамыту және оқыту департаментімен бірлесіп ҚҚМЖЗ басшылығы ұйымдастырды. Тренингтің модераторы Қазақстан Республикасындағы тәлімгерлердің қызметін оқытуға және сертификаттауға уәкілетті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы болды.

Image 2

Тренингте дуальды оқытудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен міндеттері, Жұмыс орнында оқытудың педагогикалық негіздері, оқыту технологиялары, проблемалық жағдайларды шешу, тәлімгердің өзін-өзі ұйымдастыруы және т. б. мәселелер қарастырылып, зерделенді.

Image 2

Тренингке барлығы 32 бастаушы тәлімгер қатысты. «Қазақмыс» қызметкерлерінен басқа, оқуға «Қарағанды машина жасау колледжінің» қызметкерлері шақырылды, өйткені ҚҚМЖЗ ұзақ уақыт бойы колледжбен дуальды оқыту бағдарламалары бойынша бірге жұмыс жасап келеді.

Оқуға қатысушылар атаулы сертификаттардан басқа  «Атамекен» ҰКП тәлімгерлерінің тізілімінде тіркелді. Айта кету керек, өткен тренинг  «Қазақмыста» тәлімгерлік жүйесін трансформациялаудың басталуын білдіреді және болашақта бұл тәжірибе жалғасатын болады.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!