01 Қыр 2023

Оңтүстік Жезқазған кенішінің кеншілерінің еңбек дауы барысында қойған талаптарын іске асыру бойынша қабылданған шараларға қатысты ақпарат

Әкімшіліктің және қызметкерлердің бастамашыл тобының бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша бригадирлердің қатысуымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ филиалының Оңтүстік Жезқазған кенішінің 65 - шахтасында болған 2023 жылғы 14 тамыздағы еңбек дауының хаттамасына енгізілген талаптардың алты тармағын орындау келісілді.

Хаттама талаптарын орындау бойынша қысқаша:

Хаттаманың 1-тармағы бойынша кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнетке ерте шығуына қатысты ел Президентінің атына жұмыскерлердің өтінішін дайындау тіркелді.

Осы тармақ бойынша бастамашыл топ корпорацияның кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуге қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне өтініштің жобасын дайындады. Барлық мүдделі тараптар келіскеннен кейін өтініш тиісті уәкілетті органдарға жіберілетін болады.

Хаттаманың 2-тармағына бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына шығу кезінде еңбек демалысының сомасын есептеу күнтізбелік күндерде толық көлемде жүргізілсін деп келісілді.

Бұл талап орындалды. 01.09.2023 жылдан бастап өндірістік персоналға демалыс ақысы күнтізбелік күндерде төленеді.

Хаттаманың 3-тармағы бойынша барлық инженерлік-техникалық қызметкерлерге және әкімшілік-басқару персоналының (шахтаның) сервистік қызмет қызметкерлеріне 2024-2028 жылдарға арналған ұжымдық шартты жасау кезінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын қайта қарау талабы енгізілді.

Осы тармақты орындау шеңберінде (мерзімі 2024 жылғы 1 тоқсанда айқындалған) кәсіподақтардың бірыңғай өкілді органының құрамында жаңа ұжымдық шартта еңбек жағдайларын қайта қарау жөніндегі бастамашыл топ мүшелерімен бірлесіп жұмыс тобы құрылатын болады.

Хаттаманың 4-тармағы бойынша (Ғ.Омаров атындағы тау-кен тресі, Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы, «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС («Қазақмыс Майтенанс Сервис»), Энергетика басқармасы» ММ Сәтбаев қаласындағы электр жабдықтарына қызмет көрсету) ұқсас кәсіптер мен шахталық лауазымдарға арналған инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың) жалақысын теңестіру белгіленді.

Бұл талап орындалды. 01.09.2023 жылдан бастап аталған бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысы кеніштер қызметкерлерінің ұқсас кәсіптерімен теңестірілді.

Хаттаманың 5-тармағы бойынша барлық қолданыстағы үстемеақыларды (қосымша ақыларды) тарифтік бөлімге енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл талап орындалды. 01.09.2023 жылдан бастап өндірістік персоналға қосымша төлемдер (үстемеақылар) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 107-бабының талаптарын сақтай отырып, біржолғы ынталандыру төлемдерін есепке алмағанда, негізгі жалақының кемінде 75 пайыз үлесін қамтамасыз ету тарифтік бөлімге енгізілді.

Хаттаманың 6-тармағына бойынша, одан әрі тұрақты жұмыс жасау және бастамашыл топ мүшелерін қудаламау үшін әр кәсіпорыннан 5 адамға дейін дербес бастамашыл топ құру ұсынылды.

Қазіргі уақытта бастамашыл топтың құрамын анықтау мақсатында ынталы топ мүшелері мен кәсіподақ ұйымдарының кеңестері мен жұмыс кездесулері өтуде. Нәтижелер бойынша олар жұмыс берушіге алдағы уақытта бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар жасайды. Ал бастамашыл топ мүшелерін қудаламауға келетін болсақ, бұл тұлғаларға қысым көрсетуге жол берілмейді.

Осылайша, 01.09.2023 жылғы жағдай бойынша алты тармақтан:

- үш талап орындалды,

- орындау барысында (жауапты бастамашыл топтар мен кәсіподақтар) талаптың екі тармағы.

- бір тармақ бойынша-орындау мерзімі келген жоқ (2024 жылғы 1 тоқсан)

14.08.2023 жылғы еңбек дауы хаттамасының талаптарын іске асыру мәселелері Жұмыс берушінің, бастамашыл топтың және кәсіподақтардың бірлескен бақылауында.

Новости по теме

Новости по теме

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты

03 Jul 2024

Қазақстандық ғалымдар ТМК үшін жаңа әзірлемелерін ұсынды

28 Jun 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

24 Jun 2024

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісіне Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы көрсетілді

20 Jun 2024

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ