16 Қар 2023

ЖИЫРМА МИЛЛИОНЫНШЫҒА –МИЛЛИОН!

«Қазақмыс» жаңа туылған Қазақстан азаматшасына ақшалай сертификат табыс етті

Image 2

Кішкентай Томиристің дүниеге келуі бүкіл Қазақстан үшін маңызды болды. 2023 жылы 14 қарашада дүниеге келген Ақылбек Томирис Сұңғатқызы туған елінің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Бұл оқиға жақында құрылған Ұлытау өңіріндегі Жезқазған қаласында орын алды, сондықтан бұл жаңа өңір үшін екі есе маңызды болып отыр.

Image 2

Сәбидің туған күніне орай Қазақмыс нәрестенің ата-анасына миллион теңгенің сертификатын табыс етті. «Қазақмыс» компаниялар тобының ең ірі өндірістік алаңы Жезқазғанда орналасқан және әлеуметтік бағыттағы компания ретінде Корпорация өзі жұмыс жасайтын аймақтың барлық тұрғындарына қамқорлық жасайды.

Image 2

Томирис пен оның ата-анасын керемет қуаныштарымен құттықтаймыз! Гүлденген, азат Қазақ елінде Томирис қызымыз баршаның қуаншына бөленіп өсе берсін! Бауы берік болсын!

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!