20 Қыр 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

«Қазақмыс» компаниясы 2022 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы қайғыра отырып хабарлайды. Апаттан компанияның үш қызметкері қаза тапты.

Сағат 18.45 шамасында, Тарасал кентіне бұрылыс маңында «Tranco Express» ЖШС филиалына тиесілі ПАЗ автобусы, құқыққорғау органдарының алдын ала болжамы бойынша қарсы бағытқа шығып кеткен, МАЗ маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Автобуста жүргізушіден басқа, Шатыркөл кеніші ұжымын кәсіби қараудан өткізіп, Балқаш қаласына қайтып келе жатқан «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нің он бір медицина қызметкері болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан апат орнында екі жүргізуші, сондай-ақ «ПАЗ» автокөлігінің тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде жолда көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Барлық зардап шеккендер Балқаш, Приозерск қалаларының медициналық мекемесіне жеткізілді.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!