28 Там 2023

«JUNIOR CUP»

Сәтбаев қаласында «Қазақмыс корпорациясы» Жезқазған мен Сәтбаев қалалары аймағындағы өндірістік ұжымдарында қызмет ететің қызметкерлердің балалары арасында «JUNIOR CUP» футбол турнирі өткізілді.

Турнирге 8 бен 12 жасқа дейінгі бүлбіршәндерден құралған 15 команда қатысқан болатын.Әр өндіріс орны өздерінің балалар командаларына арнайы формалар дайындап осынау турнирге жақсы дайындықпен келген. Балалар футбол ойынына әр команда өз жаттықтырушыларымен шебер жаттығып үлкен дайындықпен келгені байқалды. Ойын соңында барлық командалар марапатталып арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.

Дегенмен 15 команда ішінде «Аймақтық қойма шаруашылығы» балалар командасы  үздік шығып үшінші орынға  қол жеткізді. Екінші орынды «Шығыс жезқазған кеніші» командасы еншілесе, Турнир жеңімпаздары болып «ЖМЗ» балалар командасы танылды. Ойын барысында барлық командалар марапаталып қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.

Ал үздіктер қатарындағы үш команда ойыншыларына турнир жеңімпаздары ретінде арнайы медальдар мен сыйлықтар сондай-ақ «JUNIOR CUP» футбол турнирінің кубоктары табыс етілді. Бұл турнир алдағы жылдары да жалғасатын болады. Жарыс «Jastar Bolashaq» жастар одағының қолдауымен өтті.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады