25 Қаз 2023

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметкерлері! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!

2022 жылы бұл мереке қазақстандық күнтізбеге қайта енгізілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс. Бұл күн басты мемлекеттік мереке болып қала береді». Дәл 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Егемендік - бұл мемлекеттің тәуелсіздігі ғана емес, сонымен бірге халықтың бірлігі, ел өмірінің экономикалық және саяси салаларында құқықтық нормаларды сақтауға ұмтылудағы ұлттың бірлігі.

«Қазақмыс» өз қызметкерлерімен бірге мемлекет жариялаған қағидаттарды бұлжытпай орындап, қызметкерлердің құқықтары мен еңбегін құрметтейді, халықтың мүддесін ескереді, сонымен қатар әділетті қоғам құру жолында мемлекетпен бірге қадам басып келеді.

«Қазақмыс» қызметкерлеріне және барлық қазақстандықтарға амандық пен өркендеу, Отан игілігі үшін еңбекте табыс, достық пен өзара түсіністік тілейміз! Елде және әр үйде бейбітшілік пен келісім болсын!

Құрметпен,

Директорлар кеңесі

«Kazakhmys Holding ЖШС

(Қазақмыс Холдингі)»

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!