17 Мау 2023

«Қазақмыс» Балқаш ЖЭО жөндеуге жұмсаған шығындары бойынша жағдайды түсіндірді

Әлеуметтік желілерде таратылған «Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) Балқаш ЖЭО жөндеуге бағытталған 677 миллион теңге қолды болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Балқашжылу» ЖШС мен Балқаш ЖЭО арасындағы өзара қарым-қатынас жылу энергиясын сатып алу бөлігінде келісім шарттық қатынастарға негізделеді. Сонымен қатар, «Балқашжылу» ЖШС Балқаш ЖЭО алдында 1.8 млрд теңгеден астам берешегі бар.

Балқаш ЖЭО-ның бүкіл жөндеу науқаны тарифтік сметаға енгізілген қаражат есебінен, сондай-ақ акционер – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС (Қазақмыс Холдингі) қаражаты есебінен қаржыландырылады. Осылайша, қолды болды делінген 677 миллион теңгенің БЖЭО жөндеу бағдарламасына еш қатысы жоқ, жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды .

Алдағы уақытта уәкілетті органдардан тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұраймыз.

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады