12 Мам 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

Тотияйын учаскесіне-70жыл!

Осы жылдар ішінде осы бөлімше технологтары 450 мың тоннадан астам тауарлық өнім — мыс сульфатын шығарды

Тарих беттерін парақтар болсақ, тотияйын учаскесі құрылысының  алғашқы тасы 1951 жылы қаланған. 2 жылдан кейін бірінші мыс сульфаты алынды. Учаскенің  еңбек ұжымы дәл осы күннен өзінің тарихи есебін бастайды.

Аталмыш учаскенің басшылығында  Сәрсембек Сәкенов, Константин Решетников, Абдукарим Әбдіғазимов, Александр Бирюков, Тілек Мұхамедиев, Федор Богомоловтар болған. Ал, 1999 жылдан бастап ұжымды «Еңбек даңқы» салалық белгісінің толық кавалері Қасқабай Махабаев басқарады.

Image 2

Тотияйын учаскесінің –өзіндік тарихы бар. Тарихи беттерді  ардагерлер  Құрмаш Иксанов, Николай және Алексей Пупиковтар, Әлібек Жұмаханов, Каролина Шкирко, Зина Богомолова, Ахмед Кәрібеков, Нұрулла Ғалимулин, Жақсыман Темірбаев, Жамбылбай Бақанов, Самат Көзкенов, Захар Жұмартов, Сапар Сағымбаев, Болат Бегімбаев, Төребай Аманбаев, Майдар Асалбеков, Беделбай Имашев және Фарида Шохатаевалар өздерінің еңбектерімен жазған.

Image 2

Бүгінде тотияйын учаскесінің  қызметкерлері жылдаған үлкен көрсеткіштерді түсірмей, жоғары мәреде ұстауға тырысып келеді. Өндірістің озат жұмыскерлері   Имашев Беделбай, Қалиақпаров Нұрбол, Нұрғалиев Мақсат, Үмбетұлы Тілеубек, Төреханұлы Азамат, Лебедев Константин, Шохатаев Ербұлан, Тохметов Жандос, Булегенов Марат, Садыбаев Дәулет, Шорин Айдын, Филиппова Светланалар тамаша нәтижелер көрсетуде.

Image 2

70 жылдық мерейтоймен учаске ұжымын «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС басшылары, өндіріс ардагерлері және игі шараға келген қонақтар  құттықтады.

Image 2

Осы күні мерейтойға арнап ұйымдастырылған спорттық шаралар   қызықты және әсерлі өтті. Учаске мен цех жұмыскерлері өзара қошқар көтеріп, садақ атып, гір тасын көтеріп және арқан тартысып бақ сынасты. Сондай-ақ шағын футбол мен үстел теннисінен турнирлер өткізілді.

Image 2

Шағын футболдан өткен сайыста бірінші орын мерейтой иегерлері тотияйын учаскесінің командасына бұйырса, екінші орын дайын өнім учаскесінің ұжымына берілді, ал құрметті үшінші орынды сулы ерітінділерді электролиздеу учаскесінің спортшылары жеңіп алды.

Үстел теннисінен өткен сайыста  жеке есепте  Ыбрайым Айбек «алтын»  жүлдеге қол жеткізсе, Дулат Жақыбай  «күміс» ал, Тимур Мамин «қола» жүлдегері атанды  .

Image 2

Мерекелік шараның ең қызықты сәті арқан тарту кезеңі болды. Игі шараға келген қонақтар мен оған  қатысушылар  сайыскерлерге  қолдау көрсетіп отырды. Соңынан жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын Мехқызмет командасына бұйырса, екінші орынды-тотияйын учаскесінің командасы және үшінші орынды  сулы ерітінділерді электролиздеу учаскесінің командасы жеңіп алды.

 Гір тасын  көтеру сайысында  Влад Подоляка ең мықты және епті болып танылса, Азамат Төреханұлы  екінші орын,  Кирилл Храманькоға үшінші орын бұйырды.

Садақ атуда  Жандос Тохметов, Әсет Ержанов және Мақсат Маукуловтар мергендік танытты.

Image 2

Халықтық сайыстардың бірі қошқар көтеру. Бұл ұлттық спорт түрі Қазақмыс ұжымы  үшін дәстүрге айналған. Мұнда гран-приді мехқызметтің слесарь-жөндеушісі Адай Тишбек жеңіп алды, ол қошқарды 200 рет көтеріп, бас жүлдеге ие болды - қошқар оған бұйырды.

Image 2

Барлық мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып отырды. Өндіріс ардагерлері мен спорт жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ляззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

20 May 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

14 May 2024

Қазақмыс, «Қазақстан халқына» қоры және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 100 тұрғын үй салады

14 May 2024

Қазақмыс кеншілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартты

07 May 2024

Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!

29 Apr 2024

Қазақмыс Балқаштағы өнеркәсіп аймағын жаңартады