05 Мам 2022

"ҚАЗАҚМЫС" ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Өңірлерді дамыту Халықты қолдау Әлеуметтік жауапкершілік

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының картасында жаңа өңірлер құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық 2022 жылдың 8-маусымында күшіне енеді.

Image 2

Жаңадан құрылған Ұлытау өңірінің дамуын қолдау үшін "Қазақмыс" компаниялар тобы келесі компаниялардың Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы заңды мекенжайын қайта тіркеу туралы шешім қабылдады:

● "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС

● "Қазақмыс Коппер"  АҚ

● "Қазақмыс Барлау"  ЖШС

● "Қазақмыс Энерджи" ЖШС

● "Қазақмыс Дистрибьюшин" ЖШС

● "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС

● "Қазақмыс Прогресс" ЖШС

● "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС

Бұрын бұл бөлімшелер Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды ​​қалалары мен Топар кентінде тіркелген болатын. Бұл шешім осы аймақта орналасқан кәсіпорындардан қосымша салық шегерімдері арқылы еліміздегі жаңа аймақтың қалыптасуына қолдау көрсетуге байланысты қабылданды.

"Қазақмыс" тобының кәсіпорындары мемлекетпен бірлесе отырып, өңірлерді дамытуға және "Қазақмыстың" негізгі өндірістік алаңдары орналасқан Жезқазған, Балқаш және Қарағанды ​​қалаларының тұрғындары алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға белсенді үлес қосуды жалғастырады.

Новости по теме

Новости по теме

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!

03 Apr 2024

ҚАЗАҚМЫС ПЕН KAZ MINERALS ТОБЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

26 Mar 2024

«Қазақмыс» «Жер Сағаты» акциясына қатысты

24 Mar 2024

Жезқазған мен Сәтбаевта Наурыз мейрамы ерекше тойланды

22 Mar 2024

«Қазақмыс» Наурызды қарсы алды

22 Mar 2024

Ұлттық салт дәстүрді ұлықтаған өндіріс озаттары