10 Қаз 2022

Қазақмыс саяхатшыға Жезқазған қаласынан пәтер сыйлады

Бүгін Жезқазғанда Қазақстан бойынша жаяу саяхат жасаған атақты қазақстандыққа салтанатты құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл елді аралап шықты. Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жетті. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтті.

«Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісінің жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің  осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін  табыстаймыз», - деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Айта кетейік, Қазақмыс компаниясы Сәрсенбай Қотырашовке жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға тартты.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 1

Новости по теме

Новости по теме

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!

03 Apr 2024

ҚАЗАҚМЫС ПЕН KAZ MINERALS ТОБЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

26 Mar 2024

«Қазақмыс» «Жер Сағаты» акциясына қатысты

24 Mar 2024

Жезқазған мен Сәтбаевта Наурыз мейрамы ерекше тойланды

22 Mar 2024

«Қазақмыс» Наурызды қарсы алды

22 Mar 2024

Ұлттық салт дәстүрді ұлықтаған өндіріс озаттары