06 Қыр 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

«Қазақмыс» Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесуі барысында хабарлады.

Осы жоспар аясында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен өңір үшін маңызды бірқатар индустриялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Кездесуде Жезқазған қаласында жаңа перинаталдық орталық (перзентхана) құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) әзірлеу тақырыбы талқыланды. Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясы бассейні бар көпфункционалды спорт кешенінің, «Намыс» балалар мен жасөспірімдер спорт академиясының құрылысына, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарға қолдау көрсету ниетін растады. Сонымен қатар, компания Ұлытау ауданындағы «Күміс бұлақ» және «Тасбұлақ» нысандарын абаттандыруды жүзеге асырады.

«Қазақмыс» корпорациясы 500 орындық концерт залы бар мәдени орталықтың құрылысын бастауға қолдау көрсетті. Облыс әкімдігіне орталық мемлекеттік органдардың келген қызметкерлеріне тұрғын үй беру бойынша көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, «Қазақмыс» Жезқазған қаласында жаңа университет құруға қатысу ниетін растады, сондай-ақ облыс әкімдігіне қаланың тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне қар жинау техникасын сатып алу және қысқы кезеңде жолдарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бөлігінде қолдау көрсетілетін болады.

«Қазақмыс» корпорациясы тарапынан Жезқазған қаласында жаңа балабақша салу жобасы қолдау табады.

Кездесуде жылу беру маусымына дайындық, Ұлытау ауданының электр желілерін одан әрі қызмет көрсету үшін ЖЭТК бөлімшесіне беру мәселелері пысықталып, егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы облыс әкімдігіне басқа да бірқатар нысандар бойынша қолдау білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті меморандумға қол қою жоспарланған.

Новости по теме

Новости по теме

01 Dec 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

01 Dec 2023

ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАСУДА

29 Nov 2023

Саналы таңдау

27 Nov 2023

«ҚАЗАҚМЫС» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ҮШІН ЖЕРАСТЫ КЕНІШТЕРІН ТОҚТАТАДЫ

27 Nov 2023

ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

24 Nov 2023

Балхаш мысының 85 жылдығымен!