13 Жел 2022

Жылдамырақ, биігірек, күштірек!

Қазақмыстан келген спортшы Нұрлан Байниязов «IRONMAN 70.3» триатлонынан халықаралық жарыстарды сәтті аяқтады.

«IRONMAN 70.3» сериясындағы жарыстар 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл турнир Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада өтті.

Қатысушылардың жалпы саны 942 адамды құрады. Қазақстан атынан 35 триатлоншы қатысты. Олардың арасында «Kazakhmys Energy» ЖШС жобаларды басқару тобының жетекшісі Нұрлан Байниязов бар. Біздің спортшы барлық қашықтықты аман-есен еңсерді: 1.9 км жүзу, 90 км велосипедпен жүру және 21 км жартылай марафондық жүгіру.оның уақыты 4 сағат 41 минутты құрады, осылайша ол 2023 жылы Финляндияда өтетін «IRONMAN 70.3» Әлем чемпионатына қатысуға лицензиясын растады.

Нұрлан Байниязов - тәжірибелі спортшы. Ол бірнеше рет халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда өнер көрсетті. Осылайша, 2022 жылдың қазан айында триатлоншы жыл сайын Гавай аралдарында өтетін «IRONMAN 70.3» әлем чемпионатында қашықтықты сәтті өтті.

Спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз және жеңістер тілейміз!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!

03 Apr 2024

ҚАЗАҚМЫС ПЕН KAZ MINERALS ТОБЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРГЕ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

26 Mar 2024

«Қазақмыс» «Жер Сағаты» акциясына қатысты

24 Mar 2024

Жезқазған мен Сәтбаевта Наурыз мейрамы ерекше тойланды

22 Mar 2024

«Қазақмыс» Наурызды қарсы алды

22 Mar 2024

Ұлттық салт дәстүрді ұлықтаған өндіріс озаттары