Speak up
8-800-080-8089«Қазақмыс» Тобы компанияларында адалдық, айқындылық және шынайылық принциптерін ұстануды көрсететін корпоративтік мәдениетті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Оң бейнені сақтау мақсатында 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Speak Up» қызметінің «жедел желі» функциясы әрекет етеді, оның негізгі міндеті заң бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз іс-әрекеттер мен басқа да бұзушылықтарды уақытылы анықтау және оның алдын алу болып табылады.
Ол компания жұмыскерлеріне, серіктестеріне, контрагенттеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы ғана хабарлап қоймай, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелер алуға да мүмкіндік береді.
Құпиялылықты және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық алынған хабарламаларды оператор қабылдайды және өңдейді, ол күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы есеп құрады және оларды қарау үшін заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөліміне береді.
Сонымен қатар «Speak Up» қызметінің «жедел желі» қызметі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау және оларды белгілі бір әрекеттерді жасауға/жасамауға мәжбүрлеу үшін пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ жеке шоттарды мәлімет үшін құрал ретінде қарастырылмауы тиіс.
«Speak Up» қызметі жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді 8-800-080-8089 тегін «жедел желіге», +7 708 436 2058 нөмірі арқылы Speak Up қызметінің WhatsApp желісіне, speakup@kazakhmys.kz электронды поштасына немесе «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеңсесі арқылы қабылдайды.
2023 жылдың 12 айына 181 өтініш (2022 жылдың 12 айына 85 өтінішке қарсы, өсуі + 112,94%) келіп түсті.
181 өтініштің 174-і (2022 жылдың 12 айына – 82) қаралды, 4 өтініш (2022 жылдың 12 айына – 0) қаралуда, 2 өтініш (2022 жылдың 12 айына – 1) ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберілді, Нұсқаулықтың 6.4-тармағы негізінде 0 өтініш қараусыз қалдырылды (2022 жылдың 12 айына 2 өтініш) (мәселенің мәні көрсетілмеген, әрекеттеріне шағымданатын «Қазақмыс» Тобы компаниясы қызметкерінің аты-жөні көрсетілмеген және осы мәліметтерді анықтау мүмкін емес), Нұсқаулықтың 6.5.2-тармағы негізінде 1 өтініш бойынша іс жүргізу тоқтатылды (аталған өтініш бойынша бұрын жіберілген өтініштерге оның мәні бойынша жазбаша жауаптар берілген, бұл ретте осы өтініште жаңа дәлелдер немесе мән-жайлар келтірілмеген), 2022 жылдың ұқсас кезеңінде өтініш бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімдер қабылданбаған.
Қаралған 174 (2022 жылдың 12 айына – 82) өтініштің 43-і (2022 жылдың 12 айына – 15) қанағаттандырылды. Тексеру нәтижелері бойынша Балқаш қалалық сотына Сәрсенбаевты жатақханадан шығару туралы 1 талап арыз жолданды, сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Бұзушылықтарды жою туралы 6 ұйғарым енгізілді, 6 жұмыскер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, санаторий-курорттық емдеу ақысына 62 500 теңге өтелді.
Сонымен қатар, өтініште айтылған дәлелдер әрдайым нақты жағдайларға сәйкес келе бермейді және тексеру барысында өз расталмайды. Мәселен, қаралған 174 (2022 жылдың 12 айына – 82) өтініштің 64-і (2022 жылдың 12 айына – 46) қабылданбады.
Қаралған 174 өтініштің (2022 жылдың 12 айына – 21) 67-сіне (2022 жылдың 12 айына – 82) тексеру жүргізу қажетсіз болды, олар бойынша түсініктемелер берілді.
Келіп түскен 181 өтініштің (2022 жылдың 12 айына – 85) 65-і немесе 35,9%-ы (2022 жылдың 12 айына – 31 немесе 36,5%) еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, 45-і немесе 24,9%-ы (2022 жылдың 12 айына – 13 немесе 15,3%) «Қазақмыс мансап» сайтының дұрыс жұмыс істемеуі, 14-і немесе 7,7%-ы (2022 жылдың 12 айына – 0) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кодексін сақтамау (іскерлік әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын бұзу, Мүдделер қақтығысын басқару регламентінің талаптарын сақтамау, жұмысқа орналасуға ақшалай сыйақы үшін жәрдемдесу), 11-і немесе 6,1%-ы (2022 жылдың 12 айына – 21 немесе 24,7%) басшылардың әрекеттеріне шағымдану, 9-ы немесе 5%-ы ( 2022 жылдың 12 айына – 7 немесе 8,2%) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мәселелеріне, 37-сі немесе 20,4%-ы (2022 жылдың 12 айына – 10 немесе 11,8%) - өзге де мәселелерге қатысты болды.
Кәсіпорындар бойынша келіп түскен 181 (2022 жылдың 12 айына – 85) өтініштің статистикасы: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - 133 немесе 73,5% (2022 жылдың 12 айына - 46 немесе 54,1%); «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС - 20 немесе 11,1% (2022 жылдың 12 айына - 16 немесе 18,8%); «Казфосфат» ЖШС - 2 немесе 1,2% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС - 3 немесе 1,7% (2022 жылдың 12 айына – 3 немесе 3,5%); «FZE (ФЗЕ)» ЖШС - 1 немесе 0,6% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» ЖШС - 5 немесе 2,8% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Жезқазған қ. медициналық орталығы» ЖШС - 2 немесе 1,2% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Kazakhmys Distribution (Қазақмыс Дистрибьюшн)» ЖШС - 4 немесе 2,2% (2022 жылдың 12 айына - 4 немесе 4,7%); «ТБЭТС» ЖШС - 1 немесе 0,6% (2022 жылдың 12 айына - 1 немесе 1,2%); «Kazakhmys Coal» ЖШС - 1 немесе 0,6% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Қазорталықбаптау» ЖШС – 1 немесе 0,6% (2022 жылдың 12 айына - 0); «Мэйкер» ЖШС - 1 немесе 0,6% (2022 жылдың 12 айына - 0), өзгесі – 7 немесе 3,9% (2022 жылдың 12 айына - 15 немесе 17,7%).
«Жедел желіге» 181 (2022 жылдың 12 айына - 85) өтініш жасағандарды келесі топтарға бөлуге болады: компания жұмыскерлері – 81 немесе 44,8% (2022 жылдың 12 айына - 45 немесе 53%); бос лауазымдарға кандидаттар - 50 немесе 27,6% (2022 жылдың 12 айына - 13 немесе 15,3%); компания жұмыскерлерінің және бос лауазымдарға кандидаттардың туыстары – 22 немесе 12,2% (2022 жылдың 12 айына - 6 немесе 7%); контрагенттер, бенефициарлар, жалға алушылар – 15 немесе 8,3% (2022 жылдың 12 айына - 7 немесе 8,2%); мемлекеттік органдар – 3 немесе 1,6% (2022 жылдың 12 айына - 0), өзгесі – 10 немесе 5,5% (2022 жылдың 12 айына - 14 немесе 16,5%).
181 өтініштің 35-і немесе 19,3%-ы (2022 жылдың 12 айына – 85-тен 31 немесе 42,3%) анонимді болып табылады. Оның 11-і (2022 жылдың 12 айына - 4) расталды, 13-і (2022 жылдың 12 айына - 23) расталмады, 8-і бойынша (2022 жылдың 12 айына - 2) – кәсіпорын ұжымдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 1-і (2022 жылдың 12 айына – 0) бағыныстылығы бойынша жіберілді, 2-і (2022 жылдың 12 айына - 0) қарауда, 0 (2022 жылдың 12 айына - 2) қараусыз қалдырылды.
Өтініш берушінің жеке деректерін ашып көрсетуі кезінде өтініштегі мәселелерді шешу нәтижелілігі өсетінін, және керісінше, анонимділіке байланысты, өтініш берушімен тікелей байланысу мүмкіндігінің болмауын, демек, келтірілген барлық дәлелді қарау мүмкіндігі төмендейтінін ескерту қажет.
Speak Up қызметіне келіп түсетін барлық өтініштер бойынша оларды қараудың уақтылығы, сапасы және толықтығы қамтамасыз етіледі, Speak Up қызметіне жүгінген тұлғаларға репрессиялық шараларды қолдану фактілерін анықтау тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Өтініш берушінің жеке деректерін ашу кезінде өтінішті шешудің тиімділігі едәуір артатынын және керісінше, анонимділікке байланысты өтініш берушілермен тікелей байланыс мүмкіндігі жоқ екенін және соның салдарынан барлық дәлелдерді қарау ықтималдығы төмендейтінін атап өту қажет.
***