SENIM
8-800-080-8089«Қазақмыс» Тобы компанияларында адалдық, айқындылық және шынайылық принциптерін ұстануды көрсететін корпоративтік мәдениетті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Оң имиджді ұстану мақсатында 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Speak Up» қызметінің «жедел желі» функциясы әрекет етеді, оның негізгі міндеті заң бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз іс-әрекеттер мен басқа да бұзушылықтарды уақтылы анықтау және оның алдын алу болып табылады.
Ол компания жұмыскерлеріне, серіктестеріне, контрагенттеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы ғана хабарлап қоймай, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер алуға да мүмкіндік береді.
Құпиялылықты және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық алынған хабарламаларды оператор қабылдайды және өңдейді, ол күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы есеп құрады және оларды қарау үшін заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөліміне береді.
Сонымен қатар «Speak Up» қызметінің «жедел желі» қызметі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау және оларды белгілі бір әрекеттерді жасауға/жасамауға мәжбүрлеу үшін пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ өш алу үшін құрал ретінде қарастырылмауы тиіс.
«Speak Up» қызметі жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді 8-800-080-8089 тегін «жедел желіге», +7 708 436 2058 нөмірі арқылы Speak Up қызметінің WhatsApp желісіне, speakup@kazakhmys.kz электронды поштасына немесе «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеңсесі арқылы қабылдайды.
2024 жылдың 12 айында 159 өтініш (2023 жылдың 12 айында – 181 өтініш, 12,5%-ға төмендеу) келіп түсті.
Келіп түскен 159 өтініштен (2023 жылғы 12 айда - 181) 153 өтініш (2023 жылғы 12 айда – 174) қаралды, 2 өтініш (2023 жылғы 12 айда – 4) қаралуда, 1 өтініш (2023 жылғы 12 айда – 0) өтінішті объективті және жан-жақты қарау үшін қажетті ақпараттың болмауына байланысты Нұсқаулықтың 6.1.4-тармағының негізінде қараусыз қалдырылды, 2 өтініш (2023 жылғы 12 айда – 2) ведомстволық бағыныштылығы бойынша қарауға жіберілді, 1 өтініш бойынша өтініш берушінің бұрын жіберілген өтініштен бас тартуына байланысты Нұсқаулықтың 6.5.1-тармағының негізінде өндіріс тоқтатылды (2023 жылғы 12 айда - 1 өтініш бойынша Нұсқаулықтың 6.5.2-тармағының негізінде өндіріс тоқтатылды, өтініш мәні бойынша бұның алдында жазбаша жауаптар берілген, жаңа дәлелдер немесе мән-жайлар келтірілмеген).
Қаралған 153 өтініштен (2023 жылғы 12 айда – 174) 32 өтініш (2023 жылғы 12 айда – 43) қанағаттандырылды.
Өтініш берушілер қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау талаптарын, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіптемені бұзу, жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы мәселені шешу кезіндегі қағазбастылық, кәсіптік іскерлік этика мен мінез-құлық ережелерін сақтамау, жұмысқа орналастыру үшін ақшалай қаражат алу, жерлеу және салттық қызметтерді ұйымдастыруға біржолғы ақшалай төлемді аудармау, қосалқы бөлшектерді заңсыз жинау, мыс өнімінің жетіспеуі және ысырап болуы, сыйақыларды әділетсіз бөлу, сыйақы төлемдерінің мөлшерімен келіспеу туралы хабарлады, сондай-ақ «Қазақмыс мансап» ресми сайтында өтінімдерді және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізгенде конкурстық өтінімдерді қабылдамаудың негізділігіне наразылық білдірді.
Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау талаптарын сақтау туралы 1 нұсқама, бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым жіберілді, жалпы сомасы 518964,19 теңгеге 6215,14 кг бұрын пайдалануда болған мыс өнімінің жетіспеушілігі мен ысырап ету анықталды. 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 8 адамға қатысты материалдар қаралуда, 4 адам материалдық жауапкершілікке тартылды, 2 адаммен еңбек шарты бұзылды, еңбек шартын бұзу туралы 1 хат қаралуда, 1 жұмыскер жеңіл жұмысқа ауыстырылды, жерлеу және салттық қызметтерге 50000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем жүргізілді, жұмысқа орналастыру үшін алаяқтық жолмен алынған 1,4 млн.теңгені қайтаруға жәрдем көрсетілді.
Сонымен қатар, өтініште көрсетілген дәлелдер әрдайым нақты жағдайларға сәйкес келе бермейді және тексеру барысында олар расталмайды.
Мәселен, қаралған 153 өтініштен (2023 жылғы 12 айда - 174) жұмысқа орналасудан бас тартуға, жұмыстан шеттетуге келіспеу, өндірістік жарақатты жасыру, жалақыны есептеу кезіндегі бұзушылықтар, ақшалай сыйақы үшін тестілеуді тапсыруға жәрдем көрсету, «таңдалған» компанияларға өнім берушілердің баға ұсыныстары туралы құпия ақпаратты беру лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген функцияларды орындау, атаулы әлеуметтік көмек төлеуден бас тарту туралы шешіммен келіспеу туралы 66 өтініштен (2023 жылғы 12 айда - 64) бас тартылды.
Қаралған 153 өтініштің 55-і (2023 жылғы 12 айда - 174 өтініштің 67-сі) бойынша жұмысқа орналасу тәртібі, «Қазақмыс мансап» сайтының жұмысы, кәсіптік тексерулерден өту, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін еңбек ақы төлеу, бірнеше атқару парағы бойынша еңбек ақыдан ұстап қалу, алименттер аудару, дивидендтер төлеу, тұрақсыздық айыбын төлеу, мұрағаттық анықтамалар беру, стационарлық емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын ұсыну мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Келіп түскен 159 өтініштің (2023 жылғы 12 айда – 181) 67 өтініші немесе 42,1% (2023 жылғы 12 айда – 65 немесе 35,9%) еңбек қатынастары, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, 35 немесе 22,1% (2023 жылғы 12 айда – 45 немесе 24,9%) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу («Қазақмыс мансап» сайтының жұмысы), 15 немесе 9,4% (2023 жылғы 12 айда – 11 немесе 6,1%) – басшылардың әрекеттеріне шағымдану, 14 немесе 8,8% (2023 жылғы 12 айда – 14 немесе 7,7%) – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы кодекстің талаптарын сақтамау (іскерлік әдеп нормаларын және мінез-құлық қағидаларын бұзу, ақшалай сыйақыға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу), 7 немесе 4,4% (2023 жылғы 12 айда – 9 немесе 5%) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуды ұйымдастыру, 21 немесе 13,2% (2023 жылғы 12 айда - 37 немесе 20,4%) – өзге мәселелерге қатысты келіп түскен.
Кәсіпорындар бойынша келіп түскен 159 өтініштің (2023 жылғы 12 айда – 181) статистикасы: «Қазақмыс корпорациясы» - 91 немесе 57,2% (2023 жылғы 12 айда - 133 немесе 73,5%); «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС - 17 немесе 10,7% (2023 жылғы 12 айда - 20 немесе 11%); «Kazakhmys Distribution (Қазақмыс Дистрибьюшн)» ЖШС - 16 немесе 10,1% (2023 жылғы 12 айда – 4 немесе 2,2%); «Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» - 10 немесе 6,3% (2023 жылғы 12 айда – 3 немесе 1,7%); «Kazakhmys Maintenace Services» ЖШС - 5 немесе 3,1% (2023 жылғы 12 айда - 0); «Kazakhmys Coal» ЖШС - 4 немесе 2,5% (2023 жылғы 12 айда – 1 немесе 0,6%); «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» ЖШС - 3 немесе 1,9% (2023 жылғы 12 айда - 5 немесе 2,7%); «Маker (Мэйкер)» ЖШС - 3 немесе 1,9% (2023 жылғы 12 айда – 1 немесе 0,6%; «Qazaq Geophysics (QG)» ЖШС - 2 немесе 1,3% (2023 жылғы 12 айда - 0); «Жезқазған қ. медициналық орталығы» ЖШС - 1 немесе 0,6% (2023 жылғы 12 айда - 2 немесе 1,1%); өзге – 7 немесе 4,4% (2023 жылғы 12 айда - 12 немесе 6,6%).
«Speak Up» қызметіне 159 өтініш жасағандарды (2023 жылғы 12 айда - 181) келесі топтарға бөлуге болады: «Қазақмыс» Тобы компанияларының жұмыскерлері – 92 немесе 57,8% (2023 жылғы 12 айда - 81 немесе 44,8%); «Қазақмыс мансап» сайты арқылы бос лауазымдарға өтініш берген кандидаттар - 35 немесе 22% (2023 жылғы 12 айда - 50 немесе 27,6%); компания жұмыскерлерінің және бос лауазымдарға кандидаттардың туыстары – 6 немесе 3,8% (2023 жылғы 12 айда - 22 немесе 12,2%); контрагенттер – 9 немесе 5,7% (2023 жылғы 12 айда - 15 немесе 8,3%); мемлекеттік органдар – 1 немесе 0,6% (2023 жылғы 12 айда – 3 немесе 1,6%), өзгесі – 16 немесе 10,1% (2023 жылғы 12 айда - 10 немесе 5,5%).
159 өтініштің 33-і немесе 20,7% (2023 жылғы 12 айда – 181-ден 35 немесе 19,3%) анонимді болып табылады, оның ішінде тексеріс барысында расталғаны - 9 (2023 жылғы 12 айда - 11), расталмағаны - 20 (2023 жылғы 12 айда - 13), кәсіпорындардың ұжымдарында түсіндірме жұмыстары жүргізілгені - 2 (2023 жылғы 12 айда - 8), қарауда - 1 (2023 жылғы 12 айда - 2), бағыныштылығы бойынша жіберілгені - 1 өтініш (2023 жылғы 12 айда - 1).
Өтініш берушінің жеке деректерін ашып көрсетуі кезінде өтініштегі мәселелерді шешу нәтижелілігі өсетінін, және керісінше, анонимділіке байланысты, өтініш берушімен тікелей байланысу мүмкіндігінің болмауын, демек, келтірілген барлық дәлелді қарау мүмкіндігі төмендейтінін ескерту қажет. Speak Up қызметіне келіп түсетін барлық өтініштер бойынша оларды қараудың уақтылығы, сапасы және толықтығы қамтамасыз етіледі, Speak Up қызметіне жүгінген тұлғаларға репрессиялық шараларды қолдану фактілерін анықтау тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіледі.